Бұғұт тас мүсiнi

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бұғұт тас мүсiнi шамамен VI ғасырдың 20-80 жылдары ең алғашқы атақты қағандардың бiрi Таспардың құрметiне қойылған. Ол көптеген жерлердi өзіне бағындырған ақылды да батыл билеушi болған. Ескерткiштiң жоғарғы жағында түркiлердiң тотемдiк белгілері – аналық қасқыр мен ұл бала суретi ойып салынған. Аңыз бойынша, аналық қасқыр баланы өз сүтiмен емiзіп, түркi тайпасына өмiр сыйлаған. Бұғұт жазуы – соғды тiлiндегi түркi ескерткiштерiнiң ең ежелгiсi. Таста түркілер мен ирандықтардың мəдени жəне сауда-саттық байланыстары жайлы деректер жазылған.

Дереккөздер

«Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4