Қалипан қорымы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Қалипан қорымы. Қабір үстіндегі стела. XV–XVII ғғ.jpg
Қалипан қорымы. Қабір үстіндегі стела. XV–XVII ғасырлар.

Қалипан қорымы – ескі бейіт, Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген ескерткіш.

Орналасқан жері

Ақтау қаласынан солтүстіке қарай 29 км жерде. АқтауФорт-Шевченко бағытындағы жолдың сол жағында.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Сипаты

Сурет:Қалипан қорымы. XV–XVII ғ-ы кесененің ішкі көрінісі.jpg
Қалипан қорымы. XV–XVII ғасырлардағы кесененің ішкі көрінісі.

Қалипан қорымын 1979-80 жылдары Мәдениет министрлігі экспедицияициясы (жетекшісі С. Әжіғалиев) зерттеді. Бұл ескерткіштер кешенін шоғырлануына қарай оңтүстік-батыс (түрікмен) және солтүстік-шығыс (қазақ) деп бөлуге болады. Түрікмен ескерткіштері екі кесенеден (біреуі қираған), бірнеше қоршау мен көптеген қойтастардан тұрады.<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;</ref> Соңғылары құмтастан жасалып, қылыш, айбалта, түрлі көріністермен әшекейленген.
Қалипан қорымының қазақтар бөлігінде тас қашау ісінің жоғары дәрежеде болғандығын, әсіресе, қойтасты құлпытастар аңғартады. Олар құмтастардан жасалған және сыртқы пішіні оғыз-қыпшақ дәуіріне сай келеді. Қойтастарға геометриядық және көгеріс өрнектері салынған. Олар екі-үш текпішек етіп жасалған тас тақталар үстіне орнатылған. Кейбір ескерткіштердің жоғары жағына қашап түсірілген мешіт суреттері олардың ғұрыптық табыну сипатын аңғартады. Қалипан қорымындағы ескерткіштер 18 ғасыр мен 19 ғысырдың бас кезінде тұрғызылған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер