Шақпақ ата мешіті

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Шақпақ ата жер асты мешіті мен қорымы. XIV ғасыр – XX ғасырдың басы. Батыс көрінісі.jpg
Шақпақ ата жер асты мешіті мен қорымы. XIV ғасыр – XX ғасырдың басы. Батыс көрінісі.
Сурет:Shakpak-Ata.jpg
Шақпақ ата мешіті
Сурет:Шақпақ ата жер асты мешіті. XIV ғ. Орталық күмбезді залдың ішкі көрінісі.jpg
Шақпақ ата жер асты мешіті. XIV ғ. Орталық күмбезді залдың ішкі көрінісі.

Шақпақ ата мешітіРеспубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген діни сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Таушық ауылынан батысқа қарай 25 км жердегі қорымда орналасқан.

Тарихы

Жартастан қашап салынған Шақпақ ата мешітінің құрылысын зерттеуші ғалымдар Г.Ц. Медоев 9-10 ғасырларға, ал С. Әжіғалиев 12-13 ғасырлардағы сәулет өнері ескерткішіне жатқызады.

Сипаты

Мешіттің орталық күмбезі бөлмені басып өтетін ұзын түзара, оның екі қапталында қоржын үй орналасқан. Орталық намаз оқитын бөлме залының (5,0х4,5 м) төрт бұрышынан жұмыр бағаналар қашалып, олардың арасы сәнді дарбазамен байланыстырылған. Залдың төбесінен күмбез ойылып, одан цилиндр тәрізді ойынды (биіктігі 1,55 м) шығарылған. Ойынды сырттағы шаршы жобадағы павильонмен жалғасады. Павильон орталық бөлмеге жарық түсіріп тұрған ойындыны жауын-шашыннан қорғаумен қатар, бақылау мұнарасы қызметін де атқарған. Қос қапталындағы бөлмелердің солтүстік жағындағысы жолаушылар аялдайтын ханака (сәкісі бар) болуы ықтимал. Ал оңтүстік жағындағы бөлменің төргі қабырғасында михраб, оның екі жағынан шағын екі бөлме ойылған. Мешіттің қабырғаларында арнайы жасалған өрнек белгілері байқалмайды, тек әр жерінде тайыз қашалған қуыстар бар. Негізгі әшекей-өрнек бас кіре берістің тақтасы мен босаға қабырғаларын нақыштауға (жануарлар, қару-жарақ, салт атты адам суреттері, жазулар, тағы басқа) жұмсалған. Осы қорымда жер астынан тұрғызылған Шақпақ ата мешітінен басқа 10 — 19 ғасырлар аралығында іргесі қаланған сағанатам, құлпытас, сағана-қойтас сияқты көптеген діни ескерткіштер де сақталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері