Байзақ батыр ескерткіші

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Байзақ батыр ескерткішіБайзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылына кіре берісте биіктеу төбе үстіне Байзақ Мәмбетұлының құрметіне 1998 жылы орнатылған.

Мүсіншісі Ж. Молдабаев, архитекторы Әділ Момынжанов. Еңселі ескерткіш қызғылт-сұр граниттен жасалынған тұғырдың үстінде тұр. Бойының биіктігі 4,2 метр, тұғыры 2 метр. Жылтыр қызыл граниттің бетіне «Байзақ Мәмбетұлы» деп жазылған. Ескерткіш орнатылған төбе көгалдандырылған. Төбенің етегінен ескерткішке дейін ені 1,5 метр баспалдақтар бастап апарады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала