Кінә менде

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Кінә менде. Қыз ұзату тойы - үлкен мереке. Мұнда ат жарыс, палуан күрес, айтыс, өнер бәсекесі, бәс, ұлттық ойын түрлері, жұмбақ айтыс, ән-жыр сияқты ойын-сауықтар өткізіледі. Бұған қатысқан, көрген жұрт бір серпіліп, жаны жадырап қалады. Осындағы тағы бір қызықты өнер қалыңдықтың жеңгелері мен күйеу жанындағы жігіттердің айтысы. Бұл айтыс басқа айтыстардай ешкім сынап, мінемейді. Кәдімгі әзіл-қалжыңға, күлкіге, тапқырлыққа құрылады.

Бұл айтыстың аты -Кінә менде. Жеңген жақ жеңілген жаққа арнайы сыйлық тапсырады. Бұл, әрине, жеңілген жақтың көңілін көтеріп, олардың ойында кірбің қалмасын деген игі тілек пен жақсы көңілдің алдағы жақындықтың белгісі.<ref>Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер