Сабан той

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Сабан той» — ұлттық салт-дәстүр ішінде жомарттық пен қайырымдылықтың ынтымақтық, еңбексүйгіш елдің тағы бір қырын көрсететін еңбек мерекесі, әрі той. Мұны егінші ел жасайды. Егін бітік шығып, қырманын қызылдап, оны төкпей-шашпай, суыққа ұрындармай мезгілінде жинап алған ел күзде «Сабан той» өткізеді. Әрине мұнда да кең дастарқан жайылып, ақсақалдар бата береді. Палуан күрес, ойын-сауық түрлері өткізіледі. Не керек, жұрт қауырт жұмыстан кейін кең тыныс алып бір жасап қалады. «Сабан той» мереке әрі егіншілердің еңбек қорытындысы десе де болады.


Дереккөздер

<references/>

1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж.

2. http://axi-referat.ucoz.kz/load/aza_merekeler/32