Сүйек жаңғырту

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сүйек жаңғырту. Қазақтың бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрі. Бұрындары құдандалы болған жақтар қайтадан қыз алысып, қыз берісіп құдалықты одан әрі жалғастырса, оны "сүйек жаңғырту" дейді. Бұл салт қыз бен жігіттің келісімімен қазір де жасалып жүр. ұзақ уақыттан құдалығы жалғасқан немесе көне құдаларды "Сары сүйек құдалар" дейді. Сүйек жаңғырту дегеніміз ол қазақ халқының байырғы көне салты. Бұл салт дәстүр өте ескі болғанымен қолданысқа қолайлы әрі тиімді. Сүйек жаңғырту негізінен өте алыстап кеткен ағайын туысты ана (шеше) жағынан бауырларды қайта жақындату мен қосуға арналған салт. Бұл салттың түрі әке жақтан алыстаған ағайындарға қолданылмайды. Рулық ерекшеліктерді ескеру ең басты сипат.Үлгі:Citation needed

Дереккөздер

<references/> Ел аузынан