Ет асату

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ет асату — дәстүрлі қазақ қоғамындағы кәде. Дастарқандағы ет желініп болған соң қонақтардың үлкені бас табақтағы еттен жасы кішілерге асатады. Кәде бойынша, етті ұсынған адамның өз қолынан асау керек. Кейде асатылатын ет бөлек ыдысқа салынып та беріледі. Ет асату жасы үлкендердің кішілерге жасаған құрметі болып есептеледі. Үлкен аталары мен қайнағаларының бас табағынан дәм татарда келіндер иіліп тағзым етеді.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub