Желбұйда
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Желбұйда.jpg
Желбұйда
Желбұйда, Желбида – түйенің мұрындық ағашы мен жетек бұйдасының арасына жалғанатын бүлдірге жіп.
Жасалуы мен пайдаланылуы
Желбұйданы әрі қысқа, әрі жіңішке етіп, таспадан, былғарыдан, шуда жіптен, қылдан өріп жасайды. Мұрны алғаш тесілген түйе тартынған жағдайда, мұрындығы кеңсірігін жырып та кетпей, желбұйда үзіліп те кетпесін деген мақсатпен оны аса берік етіп жасамайды. Түйені жайылымға жібергенде, шаруашылыққа қолданар жағдайда желбұйдасына жетекбұйда жалғанады. Жүк артатын атандардың бұйдасы ұзын болады.<ref> ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9</ref>
Дереккөздер
Әдебиет
- Жақыпов Ә. Түйе өсірушінің түсіндірме сөздігі. Алматы: Қайнар, 1989;
- Кәмәлашұлы Б. Қазақтың дәстүрлі құсбегілігі және атбегілігі. Алматы: Өнер, 2006; ҚӘТС. 6-том. Алматы: Арыс, 2007;