Арқан есу

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:35, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Арқан есу — қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылған арқан жасау әдісі. Әуелі жүн түтіліп, қылмен араластырылады да, жіп есіледі. Бұдан соң екі қабатталып, арқан тілі шығарылады. Керегенің көзінен өткізілген арқан тілдері үш тармақталып сырттан шөмішпен шиыршықталып, іштен ұштары біріктіріле бұралады. Арқанның жуан-жіңішкелігі тілінің санына, беріктігі — неден есілгеніне байланысты. Кей жерлерде А. е. “арқан бұрау” деп те аталады.

Үлгі:Суретсіз мақала