Көбелек (би)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
08:53, 2024 ж. қазанның 3 кезіндегі 1nter pares (Талқылауы) істеген түзету
Көбелек – қазақ халқының ұлттық биі.
Осы аттас күйдің сүйемелімен биленеді. Музыкалық өлшемі 2/4. Үш бөлімді. Бірінші және үшінші бөлімінің ырғағы жылдам, екінші бөлімі лирикалық бәсең екпінде орындалады. Би көбелектің ұшып-қонуын, қанат қағыстарын, т.б. қимыл-әрекеттерін бейнелейді.
Биді 1956 ж. балетмейстер Д.Әбіров қойды. “Көбелек” қазақ бишілерінің репертуарынан берік орын алды. Ал оның А.Бекбосынов қойған, бір топ бишіге арналған түрі көркемөнерпаздар үйірмелерінде орындалып жүр.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том</ref>
Дереккөздер
<references/>