Асатаяқ (би)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:48, 2024 ж. қазанның 3 кезіндегі Еститін Азамат (Талқылауы) істеген түзету
"Асатаяқ" - қазақ биі. Н.Тілендиевтің "Ата толғауы" күйінің сүйемелімен екпінді ырғақта орындалады. Музыкалық өлшемі 2/4. Оны қолдарын асатаяқ ұстаған бір топ қыздар билейді. Қоюшы-балетмейстері З.Райбаев. "Асатаяқты" алғаш сахнаға шығарған Торғай филармониясының құрамындағы "Шертер" ансамблінің бишілер тобы. "Асатаяқ" биі Қазақ ән-би ансамбль "Гүлдер" эстрадалық жастар ансамблі, т.б. шығармашылық ұжымдар репертуарынан кең орын алды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify