Күзуағаш

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:35, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Мосыға ілінген күзуағаш.jpg
Мосыға ілінген күзуағаш. ҚР ҰМ қорынан.

Күзуағаш – тоқыма өрмегінің желі жіптерінің шатыс түсуі үшін ерсісін (ұрғашы жіп) күзужіптің көмегімен көтеріп байлайтын ағаштың атауы. Оны "белағаш" немесе "күйеуағаш" деп те атайды.<ref>ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9</ref>

Қолданысы

Күзу жіңішке қатты ағаштан жұмырлап жасалады. Күзуағаштың ұзындығы өрмектің жалпақтығына байланысты болады. Ол көбіне өрмектің екі шетінен асып тұрарлықтай ұзын етіп алынады. Күзуағаштың екі ұшына таяу жерінен кертіп, ілгіш жіп байланатын тиянақ жасалады. Өрмек жіптің өрмек тоқушыдан екі метрдей қашықтағы жерінен, үстіңгі жіптерді жеке-жеке мықты шуда жіппен күзуағашқа орап (шалып) бекітеді. Күзуағаш өрмек жіптен 10 см-дей биік тұрады. Өрмек жібі күзуағашқа байланғаннан кейін күзудің ұшындағы кертпелерге жуан жіптің екі ұшы байланып оның ортасы мосының тіліне іліп қойылады. Сонда үстіңгі жіп пен астыңғы жіптің арасы жарты метрге таяу ашылып тұрады. Бүл өрмек тоқушының астыңғы жіп пен үстіңгі жіпті шатастырып алмауы үшін қажет. Күзуағашты өрмек тоқушы оқтын-оқтын ілгері жылжытып отырады. Өрмек әбден тоқылып болғанда күзуағаш пен жіп жинап алынады. Ол келесі өрмек тоқығанда тағы пайдаланылады.<ref name="source1">Қазақ тілі терминдер сөздігі I том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Әдебиеттер

  • Муканов М.С. Казахские домашние художественные ремесла. Алма-Ата: Казахстан, 1979;
  • Шобай Қ. Қазақ, урианхай халықтарының ұлттық қолөнері. Өлгий, 1980;
  • Райымханова К.Н. Ата кәсіп: этнографиялық зерттеу. Алматы: Қазақстан, 2001.