Шолпы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:35, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шолпы — қыздардың бұрымға тағатын әшекейі.

Шолпы тағу мәні мен сипаты

Шолпыны о баста әйелдер қара ниетті тылсым күштерден қорғану үшін тағып жүрген. Халық адамның жарты жаны шашта болады деп, оны қорғау мақсатында шолпы, шашбау таққан. Кейде олардың салмағы 3 кг-ға жеткен. Шолпы жас қыздардың жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған.
Шолпыны екі үзбелі етіп, күмістен соғады. Қақталған күмістен үш бұрышты немесе сопақша пішінді етіп жасалады да, ортасына асыл тас орнатылады. Төменгі үлкен тұмаршасының етегіне шынжырлап немесе үзбелеп соғып, сөлкебай тіркелген бірнеше салпыншақ тағылады. Ол баулары арқылы бұрымға қоса өріледі.

Түрлері мен атаулары

Сурет:Шолпы түрлері.jpg
Шолпы түрлері. ҚР ҰМ-ның көрме залынан.
Сурет:Қоңыраулы шолпы.jpg
Қоңыраулы шолпы. ҚР МОМ – қорынан. Қоңыраулы шолпы екі бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлігі алма пішінді ұштары иіліп келген, ортасына қас орнатылып, оған реңі қоңыр шыныдан көз қондырылған. Төменгі бөлігіндегі шынжырбауларға үш қоңырауша тағылып, сымнан ширатып жасалған шашақтар мен сөлкебайлар ілінген. Олар тойнақтар арқылы жоғарғы бөлікке бекітілген. Ұзындығы 20 см, ені 4,5 см.

Дәстүрлі қазақ қоғамында шолпының – көзді шолпы (асыл тас қондырылған), қозалы шолпы, қоңыраулы шолпы, шынжырлы шолпы, қос үзбелі шолпы, маржанды шолпы, меруертті шолпы, ақықты шолпы, т.с.с. түрлері мен атаулары кездеседі.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

  • Қозалы шолпы - күміс қозалармен әшекейлеп жасаған шолпы. Қозалы шолпылар да негізінен алақан төңірегіне үзбеленген ромб, тұмарша домалақ қозалардан құралып, көптеген салпыншақтардан тұрады.
  • Қоңыраулы шолпы – қозғалған сайын сыңғырлап нәзік дыбыс шығаратын бірнеше қоңырауы бар шашқа тағатын шолпының түрі. Қоңыраулы шолпылар көбіне біріне-бірі тізбектелген әртүрлі пішіндегі, сырты өрнектелген іші қуыс құтышалардан құралады да, оның ішінде сылдырмақтары, төменгі жағына қарай қоңыраулары болады. Сондай-ақ, кейбірінің бұрыш-бұрыштарында меруерт, күміс теңге, моншақ сияқтылармен үзбеленеді. Бұлардың барлығы бей-берекет орналастырылмай барлығы үйлесімді ретпен орнатылады және бір-біріне тиіп сыңғырлаған дыбыс шығарады. Ерте кездерде бұндай шолпылар қыздардың жүріс-тұрысынан да «хабар» берген. Халық өлеңінде сыңғырлаған күлкісіне сылдырлаған шолпысы үн қосады деуі осыны аңғартады.<ref>ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9</ref>

Әдебиет

  • Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы. Алматы: Қазақстан, 1993;
  • Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1995;
  • ҚӘТС. Алматы: Арыс, 2009;
  • ҚР МОМ – материалдарынан;
  • ОМЭЭ – материалдарынан.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер