Кассин шыңы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кассин шыңы – Іле Алатауының шығыс бөлігіндегі Есік сілемінің шыңы.
Географиялық орны
Алматы облысы Талғар ауданы жерінде. Биіктігі 4380 м. Есік және Түрген өзендерінің суайрығы. Шыңға Қазақстанның белгілі геологы Н.Г. Кассиннің есімі берілген.
Геологиялық құрылымы
Кристалды жыныстар мен граниттен түзілген. Кассин шыңының солтүстік беткейінен Кассин мұздығы басталады. <ref name="test">Қазақ энциклопедиясы</ref>