Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу (бұрын Нұртілеуов;<ref>Үлгі:Cite web</ref> 11 наурыз 1976 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер және дипломат, 2025 жылдан бастап Президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі қызметінде.
Бұрын Нұртілеу Қазақстанның Финляндиядағы Төтенше және өкілетті елшісі (2016–2019), Президент көмекшісі (2019–2021), Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары (2021–2022), Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары (2022), Президент Әкімшілігінің басшысы (2022–2023), Премьер-Министр орынбасары — Сыртқы істер министрі (2023—2025) және басқа да лауазымдардың иесі болған.<ref name="inbusiness">Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Мазмұны
Өмірбаяны
Ерте жылдары
Мұрат Нұртілеу 1976 жылғы 11 наурызда Алматы қаласында туған. Ұлы жүздің Суан руынан шыққан.<ref>Суаннан шыққан Мұрат Нұртілеу қазақ дипломатиясын қалай өзгертті?</ref>
1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-дың «халықаралық қатынастар» мамандығын бітірген.
Еңбек жолы
Еңбек жолын 1998 жылы Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хаттама қызметінің атташесі, референті болып бастаған.
1999 жылы Қазақстанның Малайзиядағы елшілігіне атташе ретінде ұзақ мерзімді шетелдік іс-сапарға жолданып, Қазақстанға төрт жылдан соң оралысымен, қызметін Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы ретінде жалғастырды.
2004 жылдан бастап Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болған. Үш жылдан соң Сыртқы істер министрінің хатшылығын басқарды.
2007 жылы ол Парламент Сенатының аппаратына ауысып, онда аппарат басшысының орынбасары болып, көп ұзамай аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.
2011 жылы Нұртілеу дипломатиялық қызметке қайта оралып, Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі атанды. Көп ұзамай ол министрліктің құрылымдық бөлімшесі Азия және Африка департаментін басқарады.
2011 жылғы желтоқсаннан бастап Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл лауазымын атқарды.
2014–2016 жылдары Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары болды.
2016–2019 жылдары Қазақстанның Финляндиядағы төтенше және өкілетті елшісі болды. Оған қоса 2017–2019 жылдары Қазақстанның Эстониядағы елшісі болды.
2019 жылғы 24 наурыздан бастап президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі, 2021 жылғы 25 ақпаннан бастап Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқарды.<ref>Президент өзінің көмекшісін лауазымынан босатып, басқа қызметке тағайындады</ref> Ол халықаралық мәселелерге жетекшілік етті.
2022 жылғы 5 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.<ref>Мұрат Нұртілеу Қазақстан Респубикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды</ref>
2022 жылғы 1 ақпаннан бастап Президент Әкімшілігін басқарды.<ref>Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды</ref>
Вице-премьер және Сыртқы істер министрі (2023–2025)
2023 жылғы 3 сәуірден бастап Премьер-министрдің орынбасары және Сыртқы істер министрі болып қызмет атқарды.<ref name="sputnik 2023">Үлгі:Cite web</ref>
2025 жылғы 4 қыркүйекте Orda сайты Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғанын хабарлады. Үкімет бұл ақпаратты жоққа шығарғандай болды да, 5 қыркүйекте Нұртілеудің «Harvest Group» төрағасымен кездескенін жариялады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Қазақстан президентінің жолдауына орай 8 қыркүйекте Парламент ғимаратында болған Нұртілеу журналистермен кездесіп, ақпаратты жоққа шығарды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі
2025 жылғы 26 қыркүйек күні Нұртілеу вице-премьер және сыртқы істер министрі лауазымынан босатылып, президент Тоқаевтың халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Отбасы
Нұртілеу үйленген, төрт баласы бар.
Анасы Күлтай Сұлтанқызы Мұсаева (1954 жылы туған) — педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры.<ref>Мусаева Культай Султановна</ref> Қазақстанның тұңғыш ақпарат министрі, дипломат Қуаныш Сұлтановтың туған қарындасы болып келеді.<ref>Михаил Козачковтың Facebook парақшасына жариялаған жазбасы</ref>
Үлкен бауыры Шалқар Нұртілеуов (1977 жылы туған) — ірі кәсіпкер. Автомобиль маркаларының ресми дилері «Doscar Group» компаниясының, алкогольді және алкогольсіз сусын шығаратын «Көкшетау минералды сулары» (Asia Waters) компаниясының иесі.<ref>«Откуда деньги на часы?» Мурат Нуртлеу, заместитель премьер-министра – министр иностранных дел РК</ref> Абай, Шығыс Қазақстан облыстарын жарықпен қамтамасыз ететін «Біріккен энергосервистік компанияның» директорлар кеңесінің төрағасы.<ref>ОЭСК. Годовой отчёт 2023Үлгі:Deadlink</ref> 2021–2022 жылдары «Аллюр» компаниялар тобының тәуелсіз директоры болған.<ref>Электронный отчет на 02.11.2021 16:17</ref><ref>Электронный отчет на 13.05.2022 14:58</ref> Үйленген, үлкен қызы Аяулым Шалқарқызы (1996 жылы туған) — көпшілікке Айя Шалқар ретінде танылған модель, дизайнер.<ref>Я всегда работал ради удовольствия</ref><ref>"Будто сестра": что известно о маме Айи Шалкар</ref>
- Азаттық радиосының мәліметі бойынша Шалқар Нұртілеуов президент Тоқаевтың ұлы Тимурдың бизнес серіктесі болып келеді. Тимур Тоқаев иеленген «Фортиус» компаниясына 2016 жылы Шалқар Нұртілеуов басшылық жасаған. 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы табиғи монополист «Біріккен энергосервистік компанияны» Тимур Тоқаевтың компаниясы жекешелендіріп алған. Осыдан соң директорлар кеңесінің төрағасы болып Шалқар Нұртілеуов, тәуелсіз директор болып Тимур Тоқаевтың немере ағасы Мұхамед Ізбастин сайланған.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Мұхамед Ізбастин директорлар кеңесінен 2019 жылы шыққан.<ref>Информация о корпоративных событиях акционерного общества, об изменениях в деятельности АО, затрагивающих интересы держателей ценных бумаг</ref>
Кіші бауыры Саят Сауранбаев (1980 жылы туған) — ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры.<ref>Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы</ref> 2025 жылғы дерек бойынша — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті бастығы.<ref>ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті</ref>
Қарындасы Жәмила Смайыл (1989 жылы туған) — дипломат. Ұзақ жыл Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істеген, 2021 жылғы дерек бойынша Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің бірінші хатшысы болған.<ref>Акционерное Общество "Объединённая Энергосервисная Компания". Аффилированные лица (2024)</ref><ref>Список кандидатов, получивших высокие оценки конкурсной комиссии по проведению конкурса на занятие административных государственных должностей корпуса «Б» в Министерстве иностранных дел Республики Казахстан</ref> Instagram желісінде Jamichef деген лақап атпен өзінің аспаздық блогын жүргізеді.<ref>7 новых бренд-амбассадоров среди казахстанских селебрити</ref>
Марапаттары
Дереккөздер
Үлгі:Әлихан Смайыловтың министрлер кабинеті Үлгі:Олжас Бектеновтің министрлер кабинеті