Бударин қорықшасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бударин қорықшасы – Жайықтың табиғи қорларын қорғап, оны молайту мақсатында 1986 ж. ұйымдастырылған қорықша. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық, Теректі, Зеленов аудандарында орналасқан. Жер аумағы 80 мың га. Қорықшаның мақсаты аңшылық-кәсіптік маңызы бар құс түрлерін көбейту, сондай-ақ тоғайлар мен даланы мекендейтін аңдарды сақтау болып табылады. Қорықшада жылдан-жылға саны азайып бара жатқан құндыз, бұлан, жабайы шошқа, орман сусары, бірқазан, қалбағай, сұр, аққу, т.б. сүтқоректілер мен құстар қорғалады.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>