Күркіреуік
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:55, 2018 ж. мамырдың 8 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Күркіреуік — Ырғыз өзенің аңғарындағы бұлақ. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құрылыс ауылының оңтүстік-батысында 42 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 250 м биіктікте.
Жер бедері жонды-белесті, сай-жыралармен тілімденген. Жанында Қоянбұлақ, Қарабұлақ, Майбұлақ және т.б. көптеген бұлақтар орналасқан. Батысынан Шалқар – Ырғыз автомобиль жолы өтеді. Бұлақ суын ауыз су және мал суаруға пайдаланады.