Ақжар-ырмақ
Ақжар-ырмақ, Ырмақ-Ақжар – Батыс Үстірттің Қайдақ сорына қараған сайы бойындағы бұлақтар мен құдықтар атауы. Маңғыстау облысы. Маңғыстау ауданы. жерінде орналасқан. Суы мол бұлақтардың көбі тайыз құдықтарға айналған және теңіз суының көтерілуіне байланысты суы ащы бола бастаған. Тек кейбір бұлақтар шегенделіп, мал ішетін суаттар жасалған. Ырмақ су көздері Ақжар су көздерінен оңтүстікке қарай 5 км жерде. Сай ішінде тұщы және кермек сулы бұлақтар кездеседі. Ақжар-ырмақ су көздерінің 10-нан астамы Ырмақ сулары деп аталады.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>
Атаудың сөзжасамдық сипаты
Ырмақ сөзінің этимологиясын Э.В.Севортян «Ырмақ дегеніміз – өзен; шығанақ; өзеннен, каналдан су ағатын орын. Ырмақ – мақ жұрнағы арқылы жасалған туынды түбір. Ыр етістігі –йыр етістігіне тән – қазу, үңгу (су туралы) деген мағынадағы сөз» деп түсіндіреді.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Ырмақ – «өзен тармағы» мәніндегі атау деп қараймыз. Сонда атаудың мағынасы «ақ биік қабақтан ағып жатқан су, арық».<ref>Үлгі:Кітап</ref>