Шәудір (құдық)
Шәудір — этногидроним, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы құдық. Тереңдігі 6,5-7 метр.
Атаудың сөзжасамдық сипаты
Шәудір – ортағасырлық түрікмен тайпасы. «Этноним түрлі дереккөздерде әртүрлі варианттарда кездеседі: Махмуд Қашқарида – Джувалдар, Рашид-ад - Дин, Әбулғазы және Салар Бабада – Джаулдур, Чавулдур, Языджы – оглы — Чавындыр. Барлық дереккөздерде ол антропоэтноним, яғни Көкханның үшінші ұлы, Оғызханның немересінің есімі екендігі айтылады. Оның мағынасы туралы Рашид-ад-Дин «даңқты және қатты дауысты», Языджы-оглы «әділ және қатты дауысты», Әбулғазы «атақты» және Кононов «әділ» деген түсінік береді. Ал аңыз бойынша этноним «құрмет батыры болуы тиіс» және «атақты» мағынасын береді».<ref>Үлгі:Кітап</ref> Көрнекті ғалым, академик Қ.Аманниязов: «олар өздерін «Біз Чогдырмыз» («чог» – от) – деп атайды» деген мәлімет береді.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Сонда атаудың мағынасы «Шәудір руының құдығы».<ref>Үлгі:Кітап</ref>