Алтай шырышы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Алтай шырышы (Үлгі:Lang-la) – шырыштар тұқымдасының шырыш туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.

Қазақстанда Алтай шырышының 193 түрі бар, негізінен, тау сайларында, құмайт топырақты шөлдерде кездеседі. Мамыр-шілде айларында гүлдейді. Бұлардың биіктігі 30-130 см, кейде 2 м дейін жетеді. Тамыры ұршық пішіндес, етжеңді. Жапырағы түп жағында, ұзын, сызықты үшқырлы қандауыр пішіндес. Сабағында жапырақ болмайды, оған көп гүлді шашаққа айналған гүл-шоғыры орналасқан. Гүлі қос жынысты, ақ, қызғылт, қызыл, сары несұрғылт түсті. Гүлтұғыры жапырақтарынан едәуір биік. Гүлсерігі қоңырау тәрізді, аталығының саны алтау, жатыны 3 ұялы. Мамыр-шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі қорапша. Қорапшасы шар тәрізді тегіс не қатпарлы, үш ұялы болады. Әсем де шірнелі өсімдік. Тамырында декстрин бар, одан желім алынады, жапырақтарынан бояу да алынады. Олардың жапырағын көк кезінде және тамырын жас кезінде қайнатса жеуге жарайды. Алтай шырышы негізінен тау етегінде, тастақты қыраттарда, орман алаңқайларында, құмдауыт далаларда 3500 м биіктікке дейін өседі.<ref>"Күншығыс" энциклопедиясы .</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер