Жаураған

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:14, 2014 ж. қазанның 16 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ЖАУРАҒАНҚызылорда облысы Арал ауданы Арал теңізінің солтүстік-шығысындағы төбе. Баршақұм құмында. Абсолюттік биіктігі 103 м. Төбе солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Жер бедері қырқалы-төбешікті. Төрттік жүйесінің түзілімдерінен құралған. Құмның сұр, сортаңды топырағында жусан мен бұта аралас эфемерлі өсімдіктер, жер асты суы жер бетіне жақын жатқан етегінде жыңғыл, ши, құрақ өседі. Мал жайылымына пайдаланылады. Оңтүстігінде Манасбай, Жыланды қыстаулары орналасқан.

<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub