Ләйлекшөп
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Taxobox Ләйлекшөп<ref>Қазақстан табиғаты: Энциклопедия / Бас ред. Б. Ө. Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2011. Т. З. — 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т. З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) — астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Ботаникалық сипаты
- Биіктігі 20-35 см.
- Жапырақтары жіңішке таспа немесе қандауыр пішінді, кезектесіп орналасқан.
- Гүлі қос жынысты — масақ, гүлшоғыры сыпыртқыға топталған, аталығы 3.
- Маусым-шілде айларында гүлдейді. Ләйлекшөпті мал сүйсініп жейді.
Өсетін жері мен таралуы
15 түрі — Еуразияның қоңыржай белдеулерінде тараған.
2 түрі — Қазақстанда Тобыл, Есіл алабы, Алтай, Тарбағатай тау жүйесінде, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларында, Кетпен жотасында (Ұзынқара) өседі.