Қызыл жүзгін

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Қызыл жүзгін , қызыл жүзген (Үлгі:Lang-la) – тарандар тұқымдасының жүзгін туысына жататын Қазақстандағы 20 түрдің арасындағы ең көп тарағаны. Үйінді құмдар, құмды шөлдерде, Солтүстік Каспийден Балхаш-Алакөл ойпаттарында, Қызылқұм шөлдерінде өседі. Бұл бұта (биіктігі 1-2 метр) қызғылт немесе қошқыл қабығымен ерекше. Бір жылдық бұтақтары қалың, жасыл, ұсақ мүшелерге бөлінген. Жапырақтары ұсақ, жұқа пленка секілді. Гүлдері қос жынысты, ұсақ, екі қатарға орналасқан, гүлсерігі кең, 5 бөлікке бөлінген. Сәуір-мамырда гүлдейді, маусым-шілдеде жемісі піседі. Жемістерінің диаметрі 1,5-2 см, шар тәрізді қабырғалы, жарғақ қанатты жаңғақтар. Піспеген жемісі қышқылдау болғандықтан лимон қышқылының негізгі көзі. Ал піскен жемістің 7%-ы бояғыш заттар. Сондықтан тері өңдеуде пайаланылады. <ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>