Кәдімгі жұмсақжеміс

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:16, 2016 ж. ақпанның 25 кезіндегі Kmoksy (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Кәдімгі жұмсақжеміс (Үлгі:Lang-la) – ақтікендер тұқымдасы, жұмсақжеміс туысына жататын көп жылдық бұта. Қазақстанда Маңғыстауда, Солтүстік Үстірттің тастақты беткейлерінде, жартастарда, сазды және конгломератты жалаңаштанған жерлерде өседі. Биіктігі 1 м-ге дейін, ақшылдау қабығы бар. Сабақтары жіңішке, бұтақтанған, шашыраңқы, бөбешік жапырақтары қандауыр тәрізді, кейде тілімденген. Жапырақтары тықыр, суккулентті (ұзындығы 2 – 3 см), кезектесе орналасқан, екі қайтара тілімденген. Гүлдері жалғыздан, ұзын гүлсағағында (ұзындығы 1,5 – 2 см) орналасады, сары түсті, 5 қандауыр тәрізді күлтесі болады. Тостағанша жапырақтары таспа қандауыр тәрізді, түбінен бітісіп өскен. Аталықтарының төменгі жағында ұлғайған жіпшелері болады. Тұқымынан көбейеді. Сәуірмамыр айларында гүлдеп, мамырмаусымда жемістенеді. Жемісі – шырынды, дөңгеленген, үш ұялы жидек (диам. 6 – 10 мм), түсі қызыл. Жемісі жеуге жарамды, одан тосап қайнатады. Жеміс шырынының құрамы С витамині мен каротинге бай. Кәдімгі жұмсақжеміс – сирек кездесетін реликт өсімдік. Жылдан-жылға таралу аймағы азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. <ref name="test">”Қазақстан Энциклопедиясы”</ref>

Сілтемелер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub