Индер шырышы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Индер шырышы (Үлгі:Lang-la) – шырыштар тұқымдасының шырыш туысына жататын көп жылдық жуантамырлы өсімдік. Қазақстанда солтүстік Каспийден БалқашАлакөл қазаншұңқырына дейінгі шөлейтті жерлерде, сондай-ақ Шу-Іле тауларының аласа жерлерінде кездеседі. Биіктігі 100 – 130 см, ұзын шашақ гүлшоғыры сабағының ұшында жетіледі. Сабағы мықты, жуан, жапырақсыз. Жапырағы таспа тәрізді, ұзын. Гүлдерінде жалпақ қандауыр тәрізді жарғақ гүлжапырақтары болады. Қоңырау сияқты қоңыр, ақшыл қызғылт түсті гүлсерігі сәл ашылып тұрады. Мамырмаусым айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі – домалақ, жылтыр қорапша, тұқымы үшқырлы, жалпақ қанатты. Тамырында өзіне тән желімдік қасиеті бар эремуран полисахариді болады. Сондықтан бұрынғы кезде өсімдік тамырына ерекше «шырыш» деп аталатын желім алынып, онымен өте жұқа фарфор ыдыстарын желімдеп, қаланған тастарды бекіткен.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтеме

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub