Сары лапыз

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:20, 2016 ж. наурыздың 20 кезіндегі Averater (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Сары лапыз (Үлгі:Lang-la) – лапыздар тұқымдасына жататын Қазақстанда сирек кездесетін түр. Анда-санда тек Батыс Тянь-Шаньда (Талас Алатау, Қаржантау мен Угам жоталары) кездеседі, мұнда оның таралу аймағының солтүстік шекарасы өтеді. Оңтүстікке қарай Памир-Алай таулары, Ауғанстан, Қашқария, Тибет, Үндістанда таралған. Далалы және шалғынды беткейлерде, аршалы орман арасындағы алаңқайларда, ортаңғы және жоғарғы тау белдеулеріндегі еріп жатқан мұз маңында өседі. Өте ерте гүлдеуімен (мамыр соңында) ерекшеленеді. Өте улы. Барлық бөліктерінің құрамында алкалоидтар (колхицин, колхамин) бар. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аудандарында жылқылардың 87%-ы уланып өлгені жайлы мәліметтер бар. Мәдени түрде тұқымы арқылы жақсы өседі, көшеттері төртінші жылы гүлдейді. Табиғи популяцияларының тығыздығы кейде бір шаршы метрде 40 дараға дейін жетеді, бірақ тіршілік ортасының көлемі шектеулі. Ақсу-Жабағылы қорығында қорғалады.

Дереккөздер

Үлгі:CommonscatҮлгі:Biosci-stub