Теңге жапырақта шық шөп

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Теңге жапырақта шық шөп<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref> өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық жәндікқоректі өсімдіктер. Биіктігі 7 – 25 см. Төселе өсетін немесе түйнекті тамырсабағы болады. Жапырақтары тамыр түбіндегі себетте орналасады. Жапырақтардың шетін және жоғарығы жағын қызыл безді басы бар түктер жауып жатады. Осы бездер жабысқақ сұйық тамшылар бөліп шығарады. Түктер жапыраққа қонған жәндіктерді жауып қалады да, өздерінен бөлінген шырышпен бүркейді. Бұл кезде жапырақ қақ ортасынан екіге бүктетіліп, жәндікті ұстап тұрады. Өсімдіктің құрамынан бөлінген асқорыту ферментінің әсерінен жәндік қорытылып болғаннан кейін жапырақ қайтадан жазылып, бұрынғы түріне келеді. Гүлдері ұсақ ақ түсті, олар шашақ немесе сыпыртқы гүлшоғырына топтанған. Тұқым жолымен көбейеді. Шілде айында гүлдеп, тамыз айында жеміс береді. Жемісі – бірұялы қорапша. Өсімдік шымтезекті батпақтарда өседі. Теңге жапырақта шық шөп – өте сирек кездесетін өсімдік болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub