Борщов қызғалдағы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Борщов қызғалдағы(Tulipa borszczowii) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты шөптесін өсімдік. Торғай, Арал өңіріндегі құмды шөлдерде, Қызылқұмда өседі. Биіктігі 20 — 40 см. Жуашығы жұмыртқа тәрізді, ені 2 — 4 см. Сабағын түк басқан. Жапырағы — 4, олар кезектесіп орналасады, сыртқа қайырылып, бұйраланған. Қызғылт-сары, қызыл, сия көк түсті гүлі — біреу. 6 аталығы, 1 аналығы болады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір — мамыр айларында гүлдеп, мамыр — маусымда жемістенеді. Жемісі — үш ұялы көп тұқымды қауашақ. Оның ені 1,5 — 2 см, ұзындығы 2,5 — 4,5 см.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref> Гүл қоршауының бөліктері сары , қызғылт, негізінің екі жағында қара - күлгін бөлімдері бар, сыртқы бөліктері ромб тәрізді, ішкі және теріс сына тектес - жұмыртқа сынды әсем сәндік өсімдік. Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданының оңтүстік - шығыс жағында өседі. Борщов қызғалдағы — өте әдемі, сирек кездесетін өсімдік, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. <ref>Ақтөбе Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Commonscat