Кеш қызғалдақ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Кеш қызғалдақ (Үлгі:Lang-la) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Қазақстанда Іле Алатауының батыс бөлігінде (Қастек, Суықтөбе, Ұзын Қарғалы) ғана кездеседі. Тастақты, қиыршықтасты далалық өңірде өседі. Биіктігі 5 – 15 см, жуашығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 3 см-дей, сырты қара қоңыр қатпарлы. Жапырақтары жіңішке және ұзын, төменгі жапырақтары қауырсын немесе таспа тәрізді. Гүлі ақ, сирек сары түсті, сабақ ұшында дара кейде бірнешеу болады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қорапша, ені 2 см-дей. Әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. Кеш қызғалдақ – өте сирек кездесетін эндемик түр. Жылдан-жылға таралу аймағының азаюына байланысты Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub