Жуантамыр
Үлгі:Taxobox Жуантамыр (Үлгі:Lang-la) – айлауыктар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның тау баурайлары мен тасты шатқалдарында, далалы аймақтары мен құмды жерлерінде өсетін 6 түрі бар, соның ішінде өте сирек кездесетін, эндемик түрі – ақсары жуантамыр (R. ochroleuca). Биіктігі 60 см-дей. Ұзынша жапырақтары (ұзындығы 20 см, ені 3 см-дей) қырлы, тік сабағының түбінде орналасады. Тостағанша және күлте жапырақтарының негізі кірігіп, түтік түзеді. Гүлі ақсары түсті. Гүлшоғыры жұмсақ, бос, толық жетілгенде жазылып, сыпыртқы гүл шоғырына ұқсап тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. Жемісі – 4 жаңғақша. Ақсары Жуантамырдың жылдан-жылға таралу аймағының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
<references/>