Ақбас құмай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:06, 2019 ж. қарашаның 3 кезіндегі Ercé (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Ақбас құмай (Үлгі:Lang-la) – сұңқартәрізділер отряды, қырғилар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.


Қазақстанда негізінен Іле, Күнгей, Теріскей және Жетісуларында (Жоңғар) кездеседі. Бірақ ұясы Шолақ тауларынан ғана табылған. Денесінің ұзындығы 1,12 м, қанатының ұзындығы 68 см, қанатын жайғанда ұзындығы 2,56 м, құйрығының ұзындығы 30 см. Түсі ақшыл сары, қоңыр. Отырықшы құс. Жұп құрып (2 – 5 кейде 20) тіршілік етеді. Ұясын тік жарлардың қуысына бір-бірінен 30 – 50 м жерде салады. Көбеюі жөнінде деректер шамалы. Жұмыртқасын ұябасары мен шәулісі кезектесіп басады. Өлекселермен қоректенеді. Ақбас құмайдың таралу аймағы өте аз, саны жылдан-жылға азаюына байланысты Алматы облысының «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Суреттер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify