Кіші аққу

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мағына Үлгі:Taxobox Кіші аққу (Үлгі:Lang-la) - негізінен солтүстік жарты шарда (Үндістанды, Оңтүстік-шығыс Азияны алмағанда) мекендейтін кішкене аққу.


Қазтәрізділерге жатады. Ұялайтын жерлері - тундра мен орманды тундрада саны бұрынғы қалпына келе бастаған түр. Қазақстанның батыс бөлігінен көктем мен күзде 1 мыңдайы ұшып өтеді. Бізде ұяламайды. Санының азаюының негізгі себебі - заңсыз аулау. 1830 жылы Жаррел (Jarrel) ашқан.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Статусы

5-ші санат. Ұялайтын жерлерде саны қалпына келе жатқан түр. Ресейдің Қызыл кітабына енгізілген (5-ші санат).

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы

Палеарктика фаунасындағы туыстың төрт түрінің бірі.

Таралуы

Евразияның тундрасында ұялайды. Қазақстанда ұшып келу-кету кезінде кездеседі, оңтүстік облыстарда қыстауы мүмкін <ref>Красная Книга КСРО, 1984;</ref>. Негізгі келу-кету жолы – Қостанай облысының шығыс және оңтүстік аудандарындағы Торғай ойысының суқоймалары <ref name="Брагин, Брагина, 2002">Брагин, Брагина, 2002.</ref><ref>наши данные, 2005;</ref>. Есіл және Нұра су алаптарының көлдерінде сирек кездеседі <ref>Кошкин, 2007;</ref>. Жеке, ертеректе біршама қозғалыста болған, миграциялық жол Ертіс аңғарымен өтеді <ref>Березовиков, Самусев, 1998;</ref>. Соңғы жылдары екі рет Алакөл көлдерінде <ref>Березовиков, 2002. Белялов, Карпов, личн. сообщ., 2007;</ref>, бір рет – 2007/2008 жылы қыстың басында Алматы маңындағы Сорбұлақ көлінен кездескен.

Мекендейтін жерлері

Солтүстік мұзды мұхиттың теңіздеріне құйылатын өзендерінің аңғарлары мен атыраптары, оларға жақын жатқан өзендері мен көлдері бар батпақты тундра. Миграция кезінде Қазақстан территориясында үлкен сәл тұздылау саяз сулы көлдерде тоқтайды, бірақ өтетін құстарды республиканың кез – келген жерінен, әсіресе сулы территориялардан, кездестіруге болады.

Саны

Сібірдің тундрасында барлығы 20 мыңнан аса кіші аққу мекендейді, олардың ішінде Қазақстан арқылы 1 мыңдай құс ұшып өтеді. 1986 ж. көктемде Торғай өзенінің төменгі сағасында 120, күзде 105 ересек және 77 жас аққулар есепке алынған. Қазірде бұл жерде ұшып келу-кетуде ондаған құстарды кездестіруге болады <ref name="Брагин, Брагина, 2002"/><ref>Кривоновосов Г.А., личн. сообщ.;</ref>.

Негізгі әсер ететін факторлар

Тундраны шаруашылық мақсатта қарқынды игеру, ұялау кезінде мазалау, миграция кезінде және қыстайтын жерлерінде қаскерлік жолмен аулау.

Биологиялық ерекшеліктері

2-4 жаста жұп құрайды, көбеюге 4-6 жылда кіріседі. 2-5 жұмыртқа болатын ұяны суқоймаларының жағалауларындағы биіктеу жерлері мен қопаларға салады; ұя салуға материал ретінде мүк, қоңырбастың және басқа өсімдіктердің құрғақ сабақтары. 29-30 күн шайқайды. Балапандарының орташа саны 2,1-3,6. Су және құрлық өсімдіктерімен қоректенеді<ref>Минаев, 1987;</ref><ref>Evans, 1979.</ref>. Қазақстанда жекеленген құстар мен аздаған топтары көктемде (сәуір) және күзде (қазан) сирек кездеседі.

Қолда өсіру

Хайуанаттар паркінде көбейеді.

Қабылданған қорғау шаралары

Қазақстанда ұшып келу-кету кезінде Наурызым мен Қорғалжын қорықтарында, Сарықопа мен Торғай қорықшаларында қорғалады.

Қажетті қорғау шаралары

Торғай өзенінің төменгі сағасында қорық және Арал теңізінің шығыс жағалауы мен Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінде қорықшалар ашу. Аңшылар арасында аққуларды қорғау үшін су құстарын далалық жағдайда анықтауға болатын анықтауыштар тарату арқылы үгіт-насихат жүргізу.

Зерттеу жөніндегі ұсыныстар

Қорғалатын аймақтарды білу үшін Қазақстанда миграция және қыстау кезеңінде шоғырланатын жерлері мен санын анықтау.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Biosci-stub