Батуми

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:25, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен Батуми (Үлгі:Lang-ka) — Грузиядағы Аджария Автономды республикасының астанасы, Қара теңіздің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан туризмнің орталығы. Батуми муниципалитетін құрайды.<ref>საქართველოს პრეზიდენტმა მიხეილ სააკაშვილმა ბათუმში ოპერის შენობის მშენებლობას ჩაუყარა საფუძველი Үлгі:Webarchive</ref> Халқы 152 839<ref name="აღწერა 2014">Үлгі:Cite web</ref><ref >В 2012 ж. часть Хелвачаурского муниципалитета, в том числе и непосредственно Хелвачаури, были включены в состав Батуми, что привело к росту численности населения города на более чем 30 тысяч жителей, а территория выросла с 19 до 65 км кв.</ref><ref name="ГеоСтат">База данных ГеоСтат Үлгі:Webarchive</ref> адам (2014 жылдың мәліметі).

Географиялық сипаттамасы

Қара теңіздің шығыс жағалауында, Грузия мен Түркия шекарасынан солтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан. Батуми ылғалды субтропикалық аймақта Кавказ тауларының етегінде жатыр. Климаты - субтропикалық.

Әкімшілік бөлінуі

Батуми муниципалитетінің 2008 ж. 31 наурызда шыққан үкімі бойынша Батуми 7 аймаққа бөлінген:

  • Ескі Батуми (ძველი ბათუმის უბანი)
  • Химшиашвили (ხიმშიაშვილის უბანი)
  • Багратиони (ბაგრატიონის უბანი)
  • Агмашенебели (აღმაშენებლის უბანი)
  • Джавахишвили (ჯავახიშვილის უბანი)
  • Тамар (თამარის უბანი)
  • Бони-Қалашық (ბონი-გოროდოკის უბანი)<ref>დადგენილება N 3-1 ბათუმის უბნები (Decision #3.1. Boroughs of Batumi). Batumi City Council. Accessed қараша 15, 2009</ref>

Тарихы

Қала атауы Сван тілінде тас деген мағынаны білдіретін «бат» түбірінен шыққан. Грек тіліндегі нұсқасы «батис» топониміне сілтеме жасайды, ол терең деген мағынаны білдіреді. Шынында да, грузин порттарының ішінде Батуми тереңдігі жағынан Сухуми портынан кейінгі екінші орында.

Колхтардың Батус қаласы туралы грек авторлары біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда айтқан. Дегенмен, 2-мыңжылдықтың соңында жергілікті халық көршілес елдермен белсенді сауда жасағаны белгілі. 2-ші ғасырда римдіктер мұнда бекініс орнатып, 5-ші ғасырда Иберия басып алған бекініс құрды. 6-8 ғасырларда Батомиді (сол кездегі атауы) Эгриси патшалығының билеушілері басқарды. Содан кейін Батоми Тео-Кларжети патшалығының құрамына кірді, оның орнына грузин мемлекеті келді. 15-16 ғасырларда Осман түріктері қаланы жаулап алуға тырысып олар 1564 жылы табысқа жетті. Содан бері Аджарияға ислам таралды. Орыс-түрік соғысындағы жеңіліс Осман империясын соғыс өтемақысын төлеуге мәжбүр етті. Осы өтемақының бір бөлігі ретінде Аджария аумағы Ресейге беріліп, Батум деп аталды.

1921 жылдың наурыз айында, Қызыл Армияның Грузияға басып кіруінің соңғы кезеңдерінде, түрік әскерлері жергілікті мұсылман халқын қорғау сылтауымен Батумиді қысқа мерзімге басып алды. Грузияның қысқа мерзімді бақылауынан кейін қала Карс келісімі бойынша (1921 жылдың қазаны) Кеңес Одағына берілді. 1936 жылы Батуми қазіргі атауын алды. 1990 жылдан бастап ол Грузия құрамындағы Аджария автономиялық Республикасының астанасы болды.<ref>Үлгі:Citeweb</ref>

Экономикасы және инфрақұрылымы

Батуми — қарқынды дамып келе жатқан курорттық қала. Ылғалды субтропикалық климат алты айлық шомылу маусымына қолайлы, ал қалалық жағажай бірнеше шақырымға созылып жатыр. Теңіз жағалауындағы саябақ (бульвар) жаға бойымен өтеді. Ескі қаланың орналасуы тікбұрышты. Көшелерде негізінен 19 ғасырдағы ғимараттар орналасқан. Батумиде үш мұражай бар: археологиялық мұражай, өлкетану мұражайы және өнер мұражайы. Сондай-ақ, ботаникалық бақ, көптеген субұрқақтар және саябақтар бар. Басқа көрікті жерлерге грек ғибадатханасы, Венецияны еске түсіретін итальяндық алаң, Пушкинге, Руставелиге және Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткіштер жатады.

Бұл қалада ірі порт, темір жол станциясы, тас жол торабы бар болып табылады. Сонымен қатар, қаланың ішінде мұнай айыратын (шикізат Баку мен Солтүстік Кавказдан әкелінеді), кеме жасайтын, тамақ өнеркәсіп машиналарын шығаратын зауыттар, цитрус жемістерін өңдейтін комбинат, шай фабрикалары бар. Мұнда шәй қалдықтарынан кофеин алатын зауыт та жоқ емес.

Ал Батумидің төңірегінде Шота Руставели атындағы педагогикалық институт, теңіз, мединициналық, музыкалық және мәдени-ағарту колледждері, мұражайлар мен ботаникалық бақ орналасқан.

Мұндағы әйгілі курорттар: Махинджаури, Жасыл Мүйіс, Цихисдзири, Кобулетти.

Галерея

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Commonscat-inline Үлгі:Грузия қалалары