Маскат

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:25, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен Маскат (Үлгі:Lang-ar) — Оманның елордасы және ең ірі қаласы. Маскат губернаторлығының басты қаласы. Оман шығанағының жағалауындағы порт.

2005 жылы қаланың халық саны 650 мың адамды құрады.

Тарихы

Ерте заманда Маскат Рим империясына ладанды жеткізуге арналған Ладан жолындағы шағын ғана бекет болған. XVI ғасырда португалдықтармен басып алғаннан кейін стратегиялық маңызға ие болды. 1649 жылы Оманның араб шейхі қаланы жаулап алғанға және оны өз елордасы ретінде жасағанға дейін Маскатта еуропалық сауда факториясы және дәмдеуіштер қоймалары жұмыс істеген. Оман әміршілерінің жерлері оңтүстікке қарай Мозамбикке дейін жеткен; байлықтың басты көзі құл саудасы болған.

1803 жылы жергілікті сұлтан уаһһабиттердің шабуылын тойтарды. XIX ғасырдың ортасына қарай құл саудасына тыйым салынды, қала жағдайы құлдырай бастады және сұлтан өз елордасын Занзибарға көшірді.

Экономикасы

Оманның модернизациясы басталғаннан кейін, 1970 жылдан бастап Маскатта инфрақұрылымның қарқынды дамуы және урбанизация орын алды, осыған байлансыты көршілес шағын қалалар да мегаполис аумағына қосылды.

Қаланың негізгі орталықтарын үш топқа бөлуге болады:

  • Батыс Маскат: Аль-Сиб, Удхайаба, Баушер, Аль-Губра және Гала;
  • Орталық Маскат: Аль-Хувэйр, Мединат Сұлтан Кабус, Шаты-аль-Курм, Курм және Рас-аль-Хамра;
  • Шығыс Маскат: Вуттайя, Руви, Матрах, Кальбух, Ескі Маскат, Сидаб және Аль-Бустан.

Көрнекті жерлері

Географиясы

Маскат аумағы қала айналасымен бірге Астаналық аудан деп аталады, оның аумағы шамамен 1500 км².

Климаты

Үлгі:Қаланың ауа райы

Сілтемелер

Үлгі:Oman-geo-stub Үлгі:Азия елордалары