Олжай Әйтекеұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:25, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Олжай Әйтекеұлы (шамамен 17 ғасырдың 2-жартысы - 18 ғасырдың алғашқы ширегі) - Абайдың бесінші атасы.

Әйтеке Кішіұлының бәйбішесінен Олжай Әйтекеұлы, тоқалынан Байбөрі, Қалқаман туған. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жандос (Жігітек) тарайды.

Осы үш арыстан өңкей елге басшы, найза ұстаған батыр, би, шешен, енерпаз ұрпақ өрбіген. Сондықтан да халық оларды «Олжай ұрпақтары» деп ерекше ардақ тұтқан. Белгілі «Қалқаман-Мамыр» дастаны Олжайдың інісі Қалқаман өміріне байланысты шығарылған. Олжай туралы деректер тым аз. Тарихи деректер Олжайдың қабірі Сыр бойында, қазіргі Қызылорда облысының Шиелі ауданың жерінде дегенге мегзейді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала