Қайдақ соры

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ҚАЙДАҚ СОРЫКаспий теңізінің шығыс жағалауында, Бозащы түбегі мен Үстірт аралығында орналасқан. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы аумағында, Өліқолтық шығанағының оң түстігінде жатыр. Ұзындығы 135 км, ені 20 км. Сор табаны Каспий теңізі деңгейінен 28 – 34 м төменде. Оңтүстігін жағалай сазды-батпақты Қаракешу соры орналасқан. Шығыс жағалауын Батыс Үстірт кемерлі шыңы алып жатыр. Бозащы түбегіне қараған батыс бөлігі жайпақ келген. Қайдақ сорының оңтүстігімен ШетпеӨтеш темір жол және автомобиль жолдары өтеді. 1978 жылдан бастап Каспий теңізі суының көтерілуіне байланысты (2 м-ден 2,7 м-ге дейін) Қайдақ сорының басым бөлігін су басқан.<ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Үлгі:Суретсіз мақала

Сілтемелер

<references />

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub