Аманбұлақ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аманбұлақ – Маңғыстау ауданындағы бұлақ. Шетпе – Таушық автомобиль жолы бойында, Тұщыбек ауылының батысындағы Қаратаудың оңт-не қараған сайында. Суы тұщы, аздаған күкірт дәмі, күлімсі иісі бар. Бұлақ көздерінің аяғын бөгеп топса жасап, Төлеп батырдың бір ұрпағы Аман егін еккен, жеміс ағаштарын отырғызған. Бұлақ аты сол адамның атымен аталған. Бертінде бұлақ басынан артезиан құдығы қазылған. Сауда нүктелері, дәмхана, аялдама салынды. Аманбұлақ қазір жолаушылар тоқтап, демалатын бекет саналады.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>
Дереккөздер
<references/>