Әлімқұл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:30, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Әлімқұл (т.ж.б. – 1865) – Қоқан хандығының билеушісі. Шыққан тегі - Қыпшақ. Әлімқұл алғашында молла ретінде аты шыққан. Кейін Құдыяр хан Қоқан тағынан аласталып, орнына баласы Сейіт отырғанда Әлімқұл аталық сайланды. Хандықта толық билікке ие болғаннан кейін Қашқарды бағындырды. Ресейдің Орта Азия хандықтарын өзіне бағындыру әрекеттеріне қарсы болды. 1864 ж. көктемінде Шымкентті М.Г. Черняев әскерлерінен қорғауда асқан ерлік көрсетті. Солтүстіктен төнген қауіпке тойтарыс беру мақсатында Бұхара, Хиуа хандықтары мен қазақ, өзбек, қырғыз халықтарының біріккен одағын кұруға талпынды. Осы жолда ол қазақ халқының ұлт-азаттық күресін басып жаныштады. Әлімқұл 1865 ж. мамырында Ташкентгі қорғау кезінде ауыр жараланып, қаза болған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify