Күрден
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:38, 2016 ж. қаңтардың 12 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Күрден – Қаратау жотасының қиыр солтүстік-батысындағы асу.
Географиялық орны
Қызылорда облысы Жаңақорған және Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандарының шекарасында орналасқан.
Жер бедері
Теңіз деңгейінен 810 м биіктікте. Сәуір – қараша айларында асудан салт атты адам өте алады. Беткейіндегі бұлақтардан Жиделі, Құрымсақ өзендерінің салалары бастау алады.