Алаайғыр (асу)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:53, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тау

Сурет:Alma-Kzl obl.svg
Алматы облысы

Алаайғыр Алматы облысы Райымбек ауданы Хан Тәңірі шыңының солтүстік-шығысындағы асу.

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі 3870 м. Асудан мамыр – қыркүйек айларында салт атты адам өте алады. Алаайғырдың солтүстік баурайынан Нарынқол өзені бастау алады. Тіктеу солтүстік-батыс бөлігі тауаралық аңғарға ұласады. Шығысында Қытаймен шектеседі.

Өсімдігі

Тау беткейлерін альпілік және субальпілік шалғындары көмкеріп жатыр. Одан төменде қарағай, қайың ормандары өскен.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Stub