Мұса Баймұханұлы Баймұханов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:05, 2016 ж. наурыздың 14 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Баймұқанов Мұса (1910 ж. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы -18-наурыз 1945 ж. Польша, Болеславец қаласы). Кеңес Одағының Батыры. Алматы тау-кен металлургия институты жанындағы жұмысшы факультетін бітірген соң Доссор мен Мақатта қоғамдық жұмыстар атқарды. Одан кейін Атырау қалалық прокуратурасында тергеушісі. 1935-1941 жылдары — Сағыз кәсіпшілігінде мұнай өндіру операторы.

1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, офицерлер даярлайтын әскери училищеге жіберіледі. Осы оқу орнын аяқтағаннан кейін кіші лейтенант шенімен Ленинград майданындағы 120-Гатчино атқыштар дивизиясындағы 538-атқыштар полкіне взвод командирі қызметіне тағайындалады. Польша жерін, астанасы Варшава қаласын азат етті.<ref>Жиенбай Бақи. Атыраулық баһадүр батырлар Алматы 2010 ISBN 978-601-291-039-1 </ref>

Атырау қаласында, Мақат аулында оның есіміндегі көше бар. Есімі Мақат поселкесіндегі орта мектепке берілген. Мұнайшылар саябағында батырға бюст орнатылған. Ленин орденімен, «Қызыл Ту», 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала