Мария Жақашева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
01:26, 2015 ж. желтоқсанның 16 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Мария Жақашева (1940, Атырау облысы). Саратов мұнай техникумын (1961) және Алматы халық шаруашылығы институтын (1982) бітірген. 1956-1962 жылдары - «Құлсарымұнай» МКБ-ы ұңғымаларды өлшеуші, контур сыртына су бұру цехында оператор, мұнай жабдықтарын жөндеу слесарьі. 1970-1977 жылдары - «Ембімұнай» бірлестігі басшы кадрлар бөлімінде инженер. 1977- 1980 жылдары - «Қазкөлікқұрылыс» тресі кадрлар бөлімінің аға нұсқаушысы. 1980-1990 жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» ӨБ-де инженер-экономист. 1990 жылдан зейнеткер. 1958-1961 жылдары мұнай химиясы және газ өнеркәсібі кәсіподақтары ОК-І Пленумына мүше болып сайланған. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>
Пайдаланғанәдебиет
<references/>