Клавдия Николаевна Чернышева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Клавдия Николаевна Чернышева.JPG
Клавдия Николаевна Чернышева

Клавдия Николаевна Чернышева

1948 жылы 22 тамызда РКФСР Горький облысы Воскресенский ауданының Драншиное ауылында туған. Орыс.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген (1970), математика пәнінің мұғалімі.

1970 жылдан - Аманқарағай №1 ОМ математика пәнінің мұғалімі. 1972 жылдан - Қостанай қаласының №19 ОМ математика пәнінің мұғалімі. 1976 жылдан - Қостанай қалалық халыққа білім беру бөлімінің әдістемешісі, 1986 жылдан - мектептер бойынша инспекторы, 1993 жылдан - бас маманы. 1995 жылдан - М. Горький атындағы Қостанай мектеп-гимназиясында математика пәнінің мұғалімі, 1999 жылдан - мектеп-гимназия директоры.

2010 жылдан бері - «Қостанай қалалық әкімдігі білім беру бөлімінің М. Горький атындағы гимназиясы» ММ математика пәнінің мұғалімі.

Ы. Алтынсарин атындағы төс белгісімен марапатталған (2004). ҚазКСР Халық ағарту ісінің үздігі (1986).

Діни көзқарасы - атеист.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Алда күтіп тұрған қиындықтарған қарамастан, біздің республикамызды жарқын келешек, байлық пен гүлдену күтіп тұр».

Хоббиі - бау-бақша өсіру.

Сүйіп оқитын әдебиеті - М.А. Булгаков, И. Бунин.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Чернышев Валерий Петрович (1949 жылы туған), зейнеткер. Ұлдары-Чернышев Юрий Валерьевич вич (1973 жылы туған), Чернышев Сергей Валерьевич (1978 жылы туған). <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify