Татьяна Александровна Ворошилова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
05:14, 2025 ж. желтоқсанның 23 кезіндегі Nurken (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Татьяна Александровна Ворошилова. 1952 жылы 5 шілдеде РКФСР Горьков облысы Шахунья қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1981) физик мамандығы бойынша; Алматы облыстық партия комитетінің Марксизм-ленинизм университетін (1984) бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. 1971 жылдан - И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің зертханашысы, аға зертханашысы. 1981 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің инженері, кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, комсомол комитеті хатшысының орынбасары. 1988 жылдан - Алматы облыстық партия комитетінің дәріскері. 1991 жылдан Қазақстан Компартиясы ОК нуқсаушысы. 1991 жылдан ҚР Мемлекеттік кеңесшісінің кеңес берушісі, ҚР Президентінің Парламенттегі екілдігінің аға сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық-саяси белімінің сектор меңгерушісі, ҚР көлік және коммуникация министірінің кеңесшісі, ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, «Қазақтелеком» АҚ президентінің кеңесшісі. 2007 жылдан бері - ҚР Премьер-министрі Кеңсесі жетекшісінің орынбасары.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала