Сайлау Біләлов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сайлау Біләлов (1937 жылы туған), шопан, Социалистік Еңбек Ері (1976), Қаз КСР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері (1970.) Еңбек жолын 1956 жылы Жамбыл атындағы ұжымшардың шопаны болып бастады, одан соң Егіндібұлақ ауданы «Арқалық» кеңшарында аға шопан болды. Қой шаруашылығында мал қыстатуды табысты өткізу, оның өнімділігін арттыру, мемлекетке мал өнімдерін сатуды көбейту жолындағы жарыстың бастаушысы болды. 9-бесжылдықтың (1971-1975) міндеттемелері мен жоспарлы тапсырмаларын мерзімінен бұрын орындады. Қазақстан Компартиясы 14,16-шы съездерінің делегаты. Біләлов аты Қаз КСР Алтын Құрмет кітабына жазылған (1980). Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала