Болат Рахымжанұлы Баймұхамбет
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:52, 2017 ж. наурыздың 24 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Болат Рахымжанұлы Баймұхамбет (23 тамыз, 1948 жыл, Алматы облысы Сарқан ауданы, Қарауылтөбе ауылы) - Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Өмірбаяны
- Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының педагогика факультетін (1974), дене шынықтыру және спорт оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.
- 1974 жылдан - Талдықорған облыстық білім беру басқармасының бокс жаттықтырушысы.
- 1979 жылдан - Талдықорған облыстық спорт комитетінің БЖСМ аға жаттықтырушысы.
- 1983 жылдан - Алматы облыстық спорт комитетінің БЖСМ директоры.
- 2000 жылдан бері - Талдықорған қаласындағы ОРМСМ Бокс бөлімшесінің аға жаттықтырушысы.
Шәкірттері
- Берік Оқпаев- КСРО спорт шебері, бокстан КСРО біріншілігінің күміс жүлдегері (1977);
- Рамиль Мұратов - КСРО спорт шебері, «Еңбек резерві» орталық кеңесінің (1993) чемпионы пен финалисі
- Қияз Тілеукенов- КСРО спорт шебері, «Еңбек резерві» орталық кеңесінің (1993) чемпионы пен финалисі;
- Андрей Сауткин - КСРО спорт шебері, Қазақстан чемпионатының (1982) финалисі
- Қали Мұратов - КСРО спорт шебері, Қазақстан чемпионатының (1982) финалисі
Марапаттары
- КСРО Дене шынықтыру және спорт саласының озаты (1991).
- ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1992).
- «ҚР дене тәрбиесі мен спортын дамытудағы еңбегі үшін» белгісі (2010).
Отбасы
- Үйленген. Жұбайы - Есбаева Мағауйя Ахметқалиқызы, зейнеткер.
- Ұлдары - Баймұхамбет Алмас (1975 жылы туған), самбо күресі бойынша спорт шебері, заңгер; Айдын Болатұлы Баймұхамбет (1977 жылы туған), бокс бойынша спорт шеберіне кандидат, ҚР Шекара әскерлерінің майоры.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub