Анатолий Антонович Савельев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Савельев Анатолий Антонович (1914 ж. т., Енисей губерниясы, Богучан селосы) – геолог, геологиялық-минералдық ғылым докторы (1960). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетін геолог мамандығы бойынша бітірген (1937). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947 – 48 ж. Бозащы, Солтүстік Ақтау өңірінде геологиялық түсірім жұмыстарын жасап, 1949 – 50 ж. геолог Н.Ф. Кузнецовамен бірге Бозащы алаңында мұнай-газ қоры бар деген болжам айтты. 1955 ж. Маңғыстаудың палеоген қабатының стратигрлік сұлбасын жасақтады. 1957 – 59 ж. Бозащы түбегінің геологиялық түсірілімін, Маңғыстаудың юра қабатының фауналық пайда болуын жасады (1963). 1963, 1971 ж. төменгі бор конкрециясындағы стратигрлік үйлесімсіздіктерді нақтылап зерттеген. Маңғыстаудың төменгі аммонит картотекасын құрды (1973). Дүниежүзілік геологиялық әдебиетке алғаш рет аммонит тастың филогенетикалық сұлбасын дайындады. 3 томдық «Палеонтология негіздері» анықтамалығы авторларының бірі. Бірнеше монография және ғылыми мақалалардың авторы. Маңғыстау облыстық өлкетану мұражайының геологиялық бөлімін жасақтауға көп көмегін көрсеткен. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub