Райхан Абайқызы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Райхан Абайқызы (1871-96) - Абайдың бәйбішесі Ділдадан туған қызы. Найман еліндегі Серікбай байдың ұлы Құдайбергенге тұрмысқа шыққан. Райханның естелігіне қарағанда Абай осы ауылда талай рет болып, [[дойбы♧♧ ойнаған. Өзі ұтса «ми ұтады ғой», қарсы жағы ұтса «тақтай баққан, ойын аңдыған қу ұтады ғой» деп, елді күлдіріп отырады екен. Райханның әкесі туралы естеліктері Абайдың республикалық әдеби мемориалдық музейінде сақтаулы.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub