Реза Шаһ Пехлеви

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2015 ж. тамыздың 8 кезіндегі YiFeiBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Rezashah.jpg
Реза Шах Пехлеви

Реза Шах Пехлеви<ref>Қазақша энциклопедия 7 том.</ref> (16.3. 1878, Иран, Мазендеран — 26.7.1944, Оңтүстік Африка Республикасы, Йоханнесбург қ.) — Иран шахы (1925 — 41), Пехлеви әулетінің негізін салушы. 1921 ж. 21 ақпанда әскери төңкерісті ұйымдастыруға қатысты. 1921 — 23 ж. әскери министр, 1923 — 25 ж. премьер-министр болды. 1925 ж. 12 желтоқсанда Құрылтай жиналысы оны Иран шахы етіп жариялады. Мемлекет билігін орталықтандыру шараларын жүзеге асырған ол Иранның экон., саяси-мәдени, оқу-ағарту саласына, сот пен әскерге реформалар жүргізді. Оның тұсында елдегі демокр. партиялар мен ұйымдар қатал жазаланды. 30-жылдардың орта шенінен бастап фаш. Германиямен жақындасты. 1941 ж. Кеңес өкіметі мен Ұлыбритания әскерлері Иран аумағына кіргізілгеннен кейін биліктен бас тартып, шетелге кетуге мәжбүр болды. Оның орнына үлкен ұлы Мохаммед Реза келді.

Дереккөздер

<references/>

  • Политическая история государств Азии и Африки, М., 1996.

Толықтыру

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub es:Reza Pahlavi